ЕО TikTok-ты жасөспірімдердің қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыптады

Еуропалық комиссия TikTok-ты жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігіне қатысты ережелерді бұзды деп айыптады.

Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, платформадағы құпиялылық баптаулары кәмелетке толмағандардың аккаунттарын ересектер үшін ашық күйде қалдырады. Бұдан балалар кибербуллингке ұшырауы мүмкін. Платформаға өз ұстанымын білдіріп, дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Егер комиссия компанияның түсініктемесіне көнбесе, реттеуші орган оған жылдық айналымының 6%-на дейін айыппұл салуға құқылы.