Жапонияда екінші астана құрылады

Жапонияда екінші астана құрылады.

Ел парламенті қосымша елорданы жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Кёдо Ньюс ((Kyodo News)) агенттігі хабарлады. Токиода төтенше жағдай, табиғи апат немесе жер сілкінісі болған жағдайда негізгі мемлекеттік мекемелер басқа қалаға ауыстырылады. Бұл шара билік органдарының бөгетсіз және тұрақты жұмысын қамтамасын етуге бағытталған. Екінші астананы таңдау құқығы премьер-министрде болады. Ол экономикасы қолайлы және қажетті халық саны бар аймаққа басымдық бермек.