Францияда 250 мың тұрғын эвакуацияланды
Францияның оңтүстік-батысында орман өртеніп, 250 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. От 42 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
Ең қатты зиян шеккен Ле Порж қаласында 150-ден астам үй өртеніп кетті. Қазір полиция үй-жайларды тонаушылардан күзетіп тұр. Өрттің шығуына күннің ыстығы себеп болды деген ақпар бар.