Францияда бүлік үшін айыппұл салынуы мүмкін

Франция жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген залал үшін 10 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Ішкі істер министрі Лоран Нуньес Сенат отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа шаралар мүлікті қорғауға және зардап шеккендердің шығынын толтыруға көмектеседі. Жалпы 17-18 қазандағы бүлік кезінде 1 млрд еуродан астам залал келген. Дүкендер тоналып, зақымдалып, иелері орасан зор шығынға батты. Алды біржола жабылып жатыр. Билік жазалау шараларын қатаңдатуды талап етіп отыр. Парламент бұл құжатты осы аптада талқыға салады. 

Лоран Нуньес, Францияның Ішкі істер министрі:

- Көптеген кәсіпорын тоналды, бүлінді. Полиция учаскелелері мен әкімдік ғимараттары да зардап шеккен. Өртеліп кеткендері бар. Қиратылған қоғамдық нысандар мен көше жиһаздарында есеп жоқ. Олар метал снаряд ретінде пайдаланылды. Мәдени мұра нысандары да күлге айналған. Зиян келтіргендер шығынды ақшамен өтеуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз: