Оңтүстік Қытай теңізінде балықшылар кемесі апатқа ұшырап, 15 адам жоғалды
Оңтүстік Қытай теңізінде кеме апатқа ұшырап, 15 адам із-түссіз жоғалып кетті. Оқиға Қытайдың Наньша архипелагының төңірегінде болды.
Балықшылар кемесінде бас-аяғы 62 адам болған. Апат туралы белгіні қытайлық теңізшілер байқап дәл қазіргі уақытқа дейін 47 адам құтқарылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Зардап шеккендердің барлығы Вьетнам елінің азаматтары болып шықты. Кеменің суға кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп.
Чжоу Чжэн, Хайнань теңіз қауіпсіздігі басқармасы директорының орынбасары:
- Жоғалған адамдарда құтқару құралдары жоқ. Олардың ашық теңізге құлағаны белгілі болды. Бұл шөп ішінен ине іздегенмен бірдей. Жеке-дара адамның өзі радарда көрінбейді. Оның үстіне 2-3 метрлік толқындар жағдайды қиындатып отыр.