Испанияда аптап ыстықтан 3800-ден астам адам көз жұмды

Испания тарихындағы ең алапат өрт Авила провинциясында тіркелді.

Бұл туралы осы елдің Экологиялық ауысым министрлігі хабарлаған. Премьер-министр Педро Санчестің мәлімдеуінше, жыл басынан бері тілсіз жау 150 мың гектар аумақты күлге айналдырып, аптап ыстық 3 мың 800-ден астам адамның өмірін қиды. Тағы 90 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген. Ормандағы өрт Бургондо ауданынан 22 шілдеде басталған болатын. Алдын ала ақпарат бойынша, оттың тұтануына ауыр техникадан шашыраған шоқ себеп болуы мүмкін. Азаматтық әскер сарбаздары қасақана от қойды деген айыппен бір адамды қамауға алды. Тағы бір күдікті тергеліп жатыр.