Мемлекет басшысы Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Толедо өлкесінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Испания Королі VI Фелипеге, жақынынан айырылған отбасыларға және барша испан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.