Сот Корея экс-президентінің түрмеде жазасын өтеу мерзімін ұзартты
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне түрмеде отыру жазасына тағы 18 ай қосылды.
Ол сайлау туралы заңды бұзғаны үшін кінәлі деп танылған. Соттың ұстанымы бойынша, саясаткер 2022 жылғы президенттік сайлауалды науқаны кезінде салық қызметкерімен байланысым жоқ деп жалған ақпарат берген. Рёнхап ((Yonhap)) агенттігі сот шешімі түпкілікті күшіне енген жағдайда экс-президентті сайлауға қатыстырған "Азаматтық күш" партиясы мемлекетке сайлау шығынының өтемақысы ретінде алған 40 миллион вонды қайтаруы керек болады. Бұл шамамен 12 миллион 800 мың теңге. Еске салайық, бұған дейін экс-президент бүлік ұйымдастырды және Солтүстік Кореяға жасырын түрде дрондар жіберді деген айыптар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылып, қосымша 30 жылға сотталған еді. Кейін қамауда тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті деген айыппен жаза мерзімі тағы 7 жылға ұлғайтылған болатын.