Корея мен Қазақстан сирек минералдарды бірлесіп игеруді талқылады
Оңтүстік Корея Орталық Азия елдерімен серіктестікті күшейтеді.
Сеулде өткен «Бейбітшілік пен гүлдену жолындағы Чеджу форумында» ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Корея мен Қазақстан арасындағы Алатау қаласын дамыту, сирек минералдарды бірлесіп игеру секілді жобалар сарапшыларды қызықтырды. Мәселен Хангук Университетінің профессоры Ли Джи Ын көп жақты форматты қолдау үшін қаржылы-институционалдық механизмдерді құру қажеттігін айтты.
Ли Джи Ын, Хангук Университетінің профессоры:
- Ынтымақтастық тек үкіметтер немесе мемлекет басшылары деңгейінде ғана шектелмеуі тиіс. Мен Корея мен Орталық Азияның жергілікті билік органдары арасындағы байланыстарды дамыту қажет деп есептеймін. Елдеріміздің су ресурстары, сирек минералдар және кадрлар даярлау сияқты салаларда серіктестік орнатуға өзара қызығушылығы бар. Осы бағыттарға басымдық бере отырып, біз 2028 жылы Қазақстанда өтетін келесі саммитке дейін нақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз.