Бейбітшілік кеңесі Газада реформа жүргізеді

Бейбітшілік кеңесі тақауда Газа секторын басқарудың жаңа жүйесін енгізбек. Бұл туралы ұйым өз парақшасында хабарлаған.

Халықаралық тұрақтандырушы күштер гуманитарлық көмек көлемін арттырып, анклавты қалпына келтіру ісін қолға алмақ. Келесі кезеңде жаңа басқару моделін құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономиканы аяғынан тұрғызып, дамыту шаралары қамтылады. Осының алдында Израиль Қауіпсіздік кабинеті Газа секторына халықаралық бітімгер күштерді орналастыру жоспарын мақұлдаған еді.