Хуситтер сауда кемелеріне шабуылдап жатыр
Баб-әл-Мандеб бұғазынан бір күнде небары 15 кеме өтті. Бұл судағы қозғалыс 56 пайызға азайғанын көрсетеді.
Себеп хуситтер қайта-қайта шабуылдап, маза бермей жатыр. Иранға одақтас Йемендегі хуситтер саудиялық кемелер ғана емес, корольдік портына кірген-шыққан кез келген теңіз көлігін атқылаймыз деп мәлімдеді. Қазір Қызыл теңізде Сауд Арабиясының сауда кемелеріне шабуылдап жатыр. Эр-Рияд та қарымта соққы берген.