Аустралия мұнай өңдейтін жаңа зауыт салады
Аустралия мұнай өңдейтін жаңа зауыт салмақ. Бұл елде мұндай құрылыс кейінгі 60 жылда жүргізілмеген.
Қазір елде тек 2 өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Өйткені экономикасы импортқа тәуелді. Жанармайдың 80 пайызы сырттан келеді. АҚШ пен Иран арасындағы текетірес, әсіресе Ормуз бұғазындағы жағдайдан кейін әлемде энергетикалық дағдарыс күшейген болатын. Қазір бірқатар Ел Өнім тапшылығының орнын толтыру үшін балама бағыттарды қарастыруға көшті.