Мьянма кибералаяқтар үшін өлім жазасын енгізді
Мьянма кибералаяқтар үшін өлім жазасын енгізді. Аgence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, ел парламенті тиісті заң жобасын қабылдаған.
Онда интернетте алаяқтық жасауға мәжбүрлеп, зорлық қылғандарды өмір бойы түрмеге қамау жазасы қарастырылған. Мамандардың мәлімдеуінше, коронавирустан кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде онлайн алаяқтық орталықтары күрт өсті. Олардың негізгі базалары Мьянма, Камбоджа мен Лаоста болып шыққан. Мьянма билігі маусым айының аяғына қарай елге заңсыз кірген 15 мыңға жуық шетел азаматын қамауға алды. Сонымен қатар құмар ойындар мен алаяқтық онлайн операциялар үшін пайдаланылған 77 ғимарат сүріледі.