Трамп әскери қызметшіге 60 жылдағы алғашқы өлім жазасын мақұлдады

фото: wikipedia

АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы 13 әскери қызметшіні өлтірген бұрынғы армия майоры Нидал Малик Хасанды ату жазасын мақұлдады, деп хабарлайды 24KZ USA Today басылымына сілтеме жасап.

Трамп бұл шешімді АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсетттің ұсынысынан кейін қабылдаған.

Death Penalty Information Center ұйымының мәліметінше, АҚШ әскери қызметшілеріне қатысты өлім жазасы 1961 жылдан бері орындалмаған. Осылайша, Хасанға қатысты үкім 60 жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы әскери өлім жазасы болуы мүмкін.

Әскери психиатр, майор Нидаль Малик Хасан 2009 жылы Техас штатындағы Форт-Худ әскери базасында қарусыз 13 әскери қызметшіні атып өлтіріп, тағы 32 адамды жаралаған. Шабуыл әскери қызметшілер медициналық тексеруден өтіп, екпе алуды күтіп отырған, адамға лық толы медициналық корпуста болған. Олар соғыс қимылдары жүріп жатқан аймаққа жіберілуге дайындалып жатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз: