Еуропа жылусыз қалуы мүмкін

Еуропада газ қоры азайды.

Қазіргі бары 55 пайызға да жетпейді. Мұны "Рейтер" агенттігі хабарлады.

Жалпы, қыста энергетикалық дағдарыс туындамас үшін көрсеткіш 90 пайыздан асуға тиіс. Ал биыл кәрі құрлықта қыс қалай болады? Ұзаққа созылса қайтпек керек? Еуропа елдері күн суығанша, жерасты газ қоймаларын толтырып үлгіре ме?

Зайнұр Байжігіт, тілші:

- Көгілдір отын - кәрі құрлықтың негізгі энергия көзі. Тұрғын жайдың 30 пайызы газ, 10 пайызы мұнай өнімдері арқылы жылиды. Енді бұған да қол жетпей қалуы мүмкін. Өйткені әлемде газ қорының тең жартысы үш елге: Ресей, Иран және Катарға тиесілі. Алғашқы екі мемлекет соғысып жатыр. Ал Қатарда өндірісі тоқтап тұр. Себебі Ормуз бұғазы жабық. 

Кәрі құрлық елдері АҚШ Иранмен арадағы соғысты дипломатиялық жолмен шешеді. Сөйтіп, Ормуз бұғазы арқылы газ тасымалы қайта жанданады деп күтті. Алайда екі жақтың әзірге келісетін түрі көрінбейді. Таяуда Катар өндірісті күздің ортасына дейін тоқтатқанын мәлімдеді. Мұны ескеріп, Азия елдері Құрама Штаттардан көгілдір отын импортын арттырды. Осы айда 4 млн тоннасын жеткізген. Бұл рекорд. Алайда енді Еуропа мен Азия арасында америкалық газ үшін талас күшейе түсуі мүмкін. Өйткені ресейлік газдан бас тартқан кәрі құрлық енді америкалық көгілдір отынға тәуелді. 

ЦИТАТА: Дэн Йоргенсен, Еуроодақтың энергетика жөніндегі комиссары

Еуроодақта энергетика нарығындағы дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін. Мұның бағасы әзірге арзандамайды. Сондықтан газ тұтынуды азайтатын шараларды қарастыруымыз қажет. 

Еуропада газдың бағасы түспей тұр. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, бір мегаватт-сағаты 60 еуродан асады. Ал импортты қазір арттырса да, жерасты газ қоймаларын әрі кетсе 80 пайызға толтырады. Бұл қыстан шығуға жетпеуі ықтимал. 

Зайнұр Байжігіт, тілші:

- Сарапшылар "кәрі құрлықтағы көгілдір отын тасымалын әртараптандыру қажет" деп санайды. Өйткені тек Катар мен АҚШ-қа ғана арқа сүйесе, Еуропа биыл жылусыз қалуы мүмкін. Ал кәрі құда қыстың қыр астында тұрғанын ескерсек, бұл істі жеделдеткеннен өзге амал қалмай тұр. 

Зайнұр Байжігіт