Парсы шығанағын кемелер торуылдап жүр
АҚШ әскері Ормуз бұғазында Иран портына беттеген 18 кемені басып алды.
Қазір Парсы шығанағында Американың теңіз-әскери күшіне тиесілі 20-дан астам кеме торуылдап жүр. АҚШ 14 шілдеден бастап теңіз блокадасын қайта енгізген болатын. Ал оның алдында сәуір мен маусым айларында Тегеранның су жолын бітеп, кемелерді қарауылға алды. АҚШ Орталық Қолбасшылығының деректеріне сүйенсек, 2 ай ішінде 142 кеме бағытын өзгертіп, 9 кеме діттеген жеріне жетпеген.