АҚШ – Иран: мұнай 3%-ға қымбаттады
АҚШ пен Иран бір-біріне қайта соққы жасағаннан кейін мұнай күрт қымбаттады. "Брент" маркасының бағасы 3 пайызға өскен. Қазір баррелі 87 долларға сатылып жатыр.
Америкалық WTI да 82 долларға көтерілді. АҚШ пен Сауд Арабиясының Иракты бірігіп бомбалауы да инвесторларды шошытып отыр. Сонымен қатар Иран Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға шабуыл жасады. Осыған орай сарапшылар Парсы шығанағындағы қақтығыс әзір реттелмейді деп теріс болжам айтып жатыр. Бұдан бөлек, АҚШ-тың өзінде мұнай қоры азайған. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, өткен аптада қоймадағы қара алтын 3 миллион 300 мың баррельге кеміді.