Аргентинада тауға шыққан туристер қар құрсауында қалды

Аргентинаның Анд тауларына шыққан 100-ден астам турист қар құрсауында қалып қойды.

4500 метр биікте ақтүтек боран соғып, көліктерді қар басып қалған. Кейінгі айда тауға түскен ақ ұлпаның қалыңдығы 3 метрге жеткен. Мамандар эвакуациялау жұмыстарының бірнеше сағатқа созылғанын айтты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қатты суық тиген екі адам ауруханаға жеткізілді.