Түркияда орман өртеніп жатыр  

Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында орман өртеніп жатыр. Қызыл жалын ауыл шаруашылығы алқабыда тұтанған. 

Аптап ыстық пен қатты жел салдарынан тілсіз жауды ауыздықтау қиынға соғып отыр. Өртті 5 ұшақ пен 18 тікұшақ сөндіріп жатыр. Қазір 600-ден астам адам эвакуацияланды. Ал ғалымдар жаһандық жылынудың салдары Жерорта теңізі мен оған жақын маңда байқала бастады деп отыр.