Испанияда миграциялық дағдарыс күшейді

Испанияның Мароккомен шекаралас Сеута анклавында көші-қон дағдарысы күшейді. Кейінгі екі аптада аймаққа 2 мыңға жуық заңсыз мигрант кірді.

Салдарынан босқындар күрт көбейіп, шекарашылар оларды қабылдау жүктемесі артты деп дабыл қағып жатыр. Төтенше жағдай жариялап, үкіметтен қосымша күш пен қаржылай қолдау сұрап отыр. Испания билігі Солтүстік Африкадағы Сеута анклавына қауіпсіздікті күшейту үшін әскери күштер жіберетінін мәлімдеді. Айта кетейік, кейінгі бір жылда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 60-тан астам келімсек суға кетіп көз жұмған.