Пашинян үкіметі соңғы отырысын өткізді
Арменияда премьер-министр Никол Пашинянның кабинеті соңғы отырысын өткізді. Бұл туралы үкімет басшысының өзі мәлімдеді.
Шара қазіргі Парламентттің өкілеттілік мерзімінің аяқталуымен байланысты. Енді 2 тамызда жаңа шақырылымдағы парламенттің алғашқы отырысы өтпек. Содан кейін билеуші коалиция премьер-министр лауазымына үміткерді ұсынып, оны президент бекітуге тиіс. Никол Пашинян қайта премьер-министр болуы мүмкін.