Испанияға ағылған мигранттар қаза тапты
Испанияда шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандар суға кетіп жатыр. Кемінде 15 адам опат болған.
Қазір Мароккомен шекаралас Сеута анклавында көші-қон дағдарысы күшейді. Кейінгі екі аптада аумаққа 2 мыңға жуық мигрант заңсыз кірген. Шекарадағы жағдай Мадрид пен Рим арасында саяси шиеленіс туғызып отыр. Осыған байланысты Италияның Премьер-министрі Джорджа Мелони Испаниямен арадағы Шенген келісімін уақытша тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді.