Д. Трамп электронды қоқыс экспортын шектеді

АҚШ президенті Дональд Трамп электронды қоқысты экспорттауға шектеу қойды. Әңгіме қайта өңдеу арқылы сирек металдарды алуға болатын өнеркәсіптік қалдықтар жайында.

Тыйым ескі литий--ионды батареялар, магниттер және металл жоңқаларына қатысты енгізілді. Тиісті жарлық Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Шара ел ішіндегі жеткізу тізбегін нығайтып, АҚШ-тың импортқа тәуелділігін азайтуды көздейді. Құрама Штаттардан ай сайын мұндай материалдардың ондаған тоннасы экспортталады. Негізгі импорттаушы елдердің қатарында Мексика, Оңтүстік Корея, Жапония және Канада бар.