No comment: аюлар мұзбен салқындап жүр

Прага хайуанаттар бағында ақ аюларды ыстықтан қорғау үшін мұз қолданыла бастады.

Оларды жануарлардың әдетте шомылатын бассейндеріне салады. Осылай ақ аюлар аптапта мұзды суға түсіп салқындайды. Чехияда бірнеше күннен бері ауа температурасы 30 градустан төмен түспей тұр. Синоптиктер бүгін термометр бағаны 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды.