Корея аптап ыстықтан рекорд жаңартты

Оңтүстік Кореяда ауа температурасы тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті.

Янсан қаласында сынап бағаны 41 градусқа дейін көтерілді. Бұл елдегі метеобақылау жүргізіле бастағалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд 2018 жылы тіркелген еді. Өңірде 40 градустан жоғары аптап үшінші күн қатарынан сақталып тұр. Осыған байланысты Оңтүстік Кёнсан провинциясында ауа райына байланысты ең жоғары қауіп деңгейі жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, экстремалды ыстыққа екі антициклонның бір мезгілде ықпал етуі себеп болған.