Биыл Еуропада аптап ыстықтан 50 мың адам көз жұмды
Биыл кәрі құрлықта аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам көз жұмды.
Бұл бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі Италия, Франция, Испания және Германияда тіркелген. Осы елдердегі өлім-жітімнің үштен біріне жуығы маусымның ортасынан шілденің басына дейінгі кезеңге тиесілі. Бұл уақытта ауаның орташа температурасы қалыпты деңгейден бес градусқа жоғары болған. Климатологтар жағдайды климаттың өзгеруімен байланыстырады. Сонымен қатар Батыс және Солтүстік Еуропаның көптеген қалалары мұндай аптап ыстыққа жеткілікті деңгейде бейімделмеген. Мәселені шешу үшін ғалымдар жасыл аймақтарды кеңейтуді, ғимараттарды жаңғыртуды және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды ұсынады.