Дунай өзенінде су тартылып бара жатыр
Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі Дунай тартылып барады.
Мажарстанның су шаруашылығы басқармасының мәліметі бойыншса кейінгі бір аптада су деңгейі 130 сантиметрге төмендеген. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Мамандар мұны аптап ыстық пен ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдары деп отыр. Су азайғандықтан кемелер қайраңдап, экскурсиялық сапарлар тоқтатылды. Сондай-ақ кейбір атом электр станцияларының жұмысы шектелді.