Еуропа елдері Дунайдың суалуына алаңдаулы

Дунай өзеніндегі су деңгейінің күрт төмендеуі Еуропа елдерін алаңдатып отыр. Румынияда электр энергиясы өндірісінің төмендеуіне байланысты тамыз айына төтенше жағдай жарияланды. Ал Сербия билігі Дунай арқылы кеме қатынасына шектеу енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Өзен суалса, мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы іркілуі мүмкін. Қазір кәрі құрлықтағы ірі өзеннің түбінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батып кеткен кемелердің қалдықтары көріне бастаған.