Испания халқы мигранттардың келуіне қарсы

Испанияның Сеута қаласындағы жағдай қиындады. Кейінгі күндері Мароккодан Сеутаға ағылғандар саны 60 мыңға жуықтады. Олардың 50 мыңға жуығы кері қайтарылды. Бірақ қалада қалған мигранттарға орын жетпей жатыр.

Мәселен, қазір 512 орындық орталықта 700-ден астам мигрант бар. Ал кезек күткендер саны мыңға таяу. Оның үстіне ел тұрғындары мигранттардың келуіне қарсы наразылыққа шықты. Мадридтегі Марокко елшілігі алдына жиналған испандар шекара қауіпсіздігін күшейтуді талап етті. Бұған дейін мигранттар арасында ондаған адам оапт болып, мыңнан астамы медициналық көмекке жүгінгені белгілі.