Жапонияда зілзала салдарынан 38 адам көз жұмды
Жапонияда зілзала салдарынан 38 адам көз жұмды. Тағы 13 адам ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
4,5 мыңнан астам ғимарат бүлініп, 50 мыңға жуық үй мен кәсіпорын ауызсусыз қалды. Қазір өңірдегі эвакуациялық орталықтарға 10 мыңға жуық адам орналастырылды. Жапония үкіметі апат салдарын жоюға 20 миллиард иен бөлуді жоспарлап отыр.