Испанияда баспана қымбаттап барады
Испанияда қолданыстағы баспананың бағасы өсіп барады. Соңғы бір жылда тұрғын үй құны 16 пайызға қымбаттаған.
Сарапшылар мұны нарықтағы баспана тапшылығымен байланыстырып отыр. Баға елдің барлық 17 автономиялық аймағында өскен. Әсіресе, Мадридте тұрғын үйдің құны аспандап тұр. Десе де, мамандар алдағы айларда бағаның өсу қарқыны біртіндеп баяулауы мүмкін деп болжайды.