Хуситтер Сауд Арабиясына соққы жасады

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Наджран әуежайына соққы жасады.

Қозғалыс өкілі Яхья Сари шабуылдың әуежайдағы нысандардың біріне бағытталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ шабуыл Йеменнің Саада және Хаджа провинцияларына жасалған соққыға қарымта ретінде жасалғанын айтты. Еске сала кетейік, өткен айда хуситтер Қызыл теңізде Саудияға қарсы теңіз блокадасын жариялаған еді.