Еуропада азық-түлік қымбаттауы мүмкін

Еуропадағы аптап ыстық экономикаға қыруар шығын әкелді. Кәрі құрлықта егін бітік шықпады, өнімділік төмендеді. Енді азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін.  

Фермерлер мен салалық қауымдастықтар осылай деп отыр. Испания билігі биыл астық түсімі 24 миллион тоннадан 18 жарым миллион тоннаға дейін төмендейді деп болжайды. Қолайсыз күн райынан Еуропа елдерінде зәйтүн бақтары мен бидай алқаптары қурап жатыр. Ал бұл азық-түлік бағасының қымбаттауына әкелуі ықтимал,- дейді сарапшылар.