Аустрияда күн 41 градусқа дейін ысыды

Аустрияда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнады. Ел тарихында ауа температурасы алғаш рет 41 градусқа жетті. Тамыздағы айрықша құбылысқа байланысты Вена, БУргенланд пен Төменгі Аустрия аймақтарында қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланды. Елде айрықша қуаңшылық орнады.  

Жайылымдар толығымен кеуіп кеткен. Шаруалар малына азық таппай дағдарып отыр. Сарапшылар "аптап ыстық ауыл шаруашылығы саласын қазірдің өзінде 1 миллиард 400 миллион еуро шығынға батырды" деп отыр.