Францияда орман өртеді деген күдікпен 400-ден астам адам ұсталды
Францияда жаз басталғалы орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 400-ден астам адам ұсталды.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Олардың 156-сы кәмелетке толмаған. Жаз басталғалы елде 14 мың өрт тіркеліп, 120 мың гектардан астам жер отқа оранған. Қазір Францияның 16 департаментінде аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызғылт-сары деңгейі сақталып отыр.