Эбола індетіне қарсы күрес күшейтіледі

«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола індетімен күреске 200 медицина қызметкерін дайындады. Оқу-жаттығу Кенияда өтті. Мамандар инфекцияның алдын алу, науқастарды емдеу, жеке қауіпсіздік талаптары және жергілікті тұрғындармен жұмыс істеу бойынша арнайы дайындықтан өтті.

Олардың шамамен 40%-ы індет таралған аймақтарға жіберіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Конгодағы қазіргі Эбола індеті ел тарихындағы ең ірі індеттердің бірі саналады. Кейінгі деректерге сәйкес вирус 3 мың 800-ден астам адамнан анықталып, 1 мың 700-ден астам науқас қайтыс болған.