АҚШ поликремнийге салық енгізуі мүмкін
АҚШ поликремний импортына қосымша салық енгізуді жоспарлап отыр. Блумбергтің хабарлауынша, Дональд Трамп әкімшілігі бұл туралы осы аптада жариялауы мүмкін.
Қазір салық көлемі 15 пайызды құрайды. Бұдан бөлек, билік поликремний мен одан жасалған өнімге төменгі баға белгілеуге ниетті. Сарапшылардың бағалауынша, салық көлемі 35 пайызға дейін жетпек. Вашингтон аталған шара жартылай өткізгіштер мен күн панельдерінің ішкі өндірісін қолдап, шетелдік компанияларға тәуелділікті азайтуға көмектеседі деп сенеді.