Иран мен Оман жаңа теңіз бағытын құрды
Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасының бағыты бойынша келісімге келді. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.
Егер келісімге кедергі келтіретін жағдайлар болмаса, екі ел жақын арада бірлескен мәлімдеме жариялайды. Дегенмен Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық кеменің қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмайтынын ескертті. Рейтер агенттігінің ақпараты бойынша Иран жүк құнының 5-7 пайызы көлемінде алым енгізуді ұсынып отыр. Бұл тұста Оман 3 пайызға жуық мөлшерлемені қарастырса, АҚШ кез келген төлемге қарсы екенін білдірген.