АҚШ Сауд Арабиясынан мұнай сатып алуды тоқтатты

АҚШ Сауд Арабиясынан мұнай сатып алуды тоқтатты. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, шілде айының қорытындысы бойынша елге саудиялық мұнай мүлде жеткізілмеген. Бұған Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс, Ормуз бұғазының жабылуы және мұнай нысандарының бүлінуі себеп болған.

Сонымен қатар АҚШ өз мұнайын көбірек өңдей бастап, Венесуэладан мұнай импортын арттырды. Сарапшылардың болжамына қарағанда, тамыз айында Сауд Арабиясынан жеткізілетін мұнай көлемі қайта қалпына келіп, тәулігіне 300 мың баррельге дейін жетуі мүмкін.