Римде Израиль мен Ливан келіссөздері өтті

Римде Ливан мен Израиль арасындағы келіссөздің кезекті кезеңі өтті.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл кездесуге оң бағасын берді. Тараптар 3 жақты келісімді іске асыру жолында біраз оң нәтижеге қол жеткізді. Негізі ең қызу талқыланып жатқан басты мәселенің бірі Ливанның оңтүстігіндегі жер дауы болып тұр. Бұл аумақ Израиль әскері шығарылғаннан кейін біртіндеп Ливан қарулы күштерінің бақылауына өтуі керек. Сонымен қатар жекеменшік мүлікті тексеру, қарулы топтардың инфрақұрылымын бұзу және ортақ келісімдердің орындалуын қадағалау ісінде әлі шикілік көп.