Еуропада газ тұтыну көлемі артты

Еуропада газ тұтыну бойынша рекорд тіркелді.

Еуропалық Одақтың газ инфрақұрылымы операторлары бірлестігінің мәліметі бойынша өткен айда одақ елдері шамамен 1 млрд текше метр көгілдір отын пайдаланған. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, бұған аптап ыстыққа байланысты тұрғындардың желдеткіштерді жаппай қосуы себеп болып отыр. Сондай-ақ Франция мен Германияда өзендер тартылып, салдарынан су және атом электр станциялары өндіретін энергия көлемі азайған. Қазір құрлықтың газ қоймаларындағы қор мөлшері шамамен 58%-ға дейін кеміді.