Босния мен Герцеговинада аптап ыстықтан жүгері алқаптары қурап жатыр

Босния және Герцеговинада аптап ыстық пен құрғақшылықтан жүгері алқаптары түгел қурап жатыр.

Ассошиэйтед престің хабарлауынша, әсіресе елдің солтүстік-шығысындағы диқандарға қиын болып тұр. Олар бұрын гектарына 7 тоннадан өнім жинаса, биыл бұл көрсеткіш 2 тоннаға да жетпей қалды. Сарапшылар шаруаларды қуаңшылыққа төзімді дақыл егуге көшуге және суландыру жүйесін климаттың өзгеруіне бейімдеуге шақырады. Алайда жаңашылдықты енгізуге фермерлерде қаражат жоқ. Бұл елде ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын құрайды және халықтың 10 пайызы осы салада тер төгіп, нәпақасын айырып жүр. Енді тығырыққа тірелген диқандар жүгері егуден біржола бас тартпақшы.