АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын жойып жіберді

«АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын жойып жіберді».

Штаттардың вице-президенті Джей Ди Вэнс "Фокс Ньюс" телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Джей Ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:

"Біз Иранның қарулы күштерін соғысу қабілетінен айырдық. Олардың санын едәуір азайттық. Осылайша Иранның әскери мүмкіндігі күрт қысқарды. Қазір біз олардың АҚШ-пен жақсы қарым-қатынас орнату үшін қажетті ұзақ мерзімді өзгерістерді жасауға дайын немесе дайын емес екенін көру үшін тамырын басып отырмыз. Қысым жасауды тоқтатпаймыз. Американдықтар үшін газ бен энергия бағасын төмендету үшін Таяу Шығыстан мүмкіндігінше көп мұнай мен газ аламыз".