Израиль Газадан әскерін толық шығармайды

Израиль премьер-министрі Газаға қатысты бейбіт жоспардың шарттарымен келіспейді.

15 тармақтан тұратын жоспар АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысымен түзілген еді. Таяуда Ақ үй басшысы ортақ мәмілеге келетін күн жақын деп мәлімдеген болатын.

Алайда Биньямин Нетаньяхудың өз уәжі бар. Ол ХАМАС толық тізе бүкпейінше, Израиль әскері Газадан кетпейді деп мәлімдеді. Ал құжатта ХАМАС қаруын біртіндеп тастайды, артынша Израиль сектордан әскерін кезең-кезеңімен шығарады деп көрсетілген.