Филиппинде табиғи апаттан алты адам көз жұмды

Филиппинде «Дельфин» тайфуны ойран салып жатыр.

Ел астанасы Манила мен батыс өңірдің біраз бөлігін су басты. «Рейтердің» хабарлауынша, 6 адам опат болып, 7 адам жараланған. Тасқын 8 аймақта 148 үйді қиратты. 380 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Ел бойынша 86 уақытша паналау орталығы құрылған.

Associated Press агенттігі тасқынның алдын алу бағдарламасында заңсыздықтарға жол беріліп, үкімет қаржысы талан-таражға түскенін жазды. Тұрғындар тергеу жүргізуді талап етіп жатыр.