АҚШ Ормуздағы кемелерді бақылауды күшейтті
АҚШ Ормуз бұғазы арқылы Иран порттарына бет алған кемелерді бақылауды күшейтті.
Вашингтон Орталық қолбасшылығының мәліметіне сүйенсек, блокада қайта енгізілгелі 55 кеме бағытын өзгертуге мәжбүр болған. АҚШ Иран порттарын 14 шілдеден бері қайта қоршауға алды. Себебі екі ел бұғаздағы кеме қозғалысына қатысты ортақ келісімге келе алмай отыр. АҚШ өткел арқылы қатынау еркін болуын қаласа, Иран кемелерден алым алып, бұғазды толық бақылауында ұстауды көздейді.