Иран Ормуз бойынша АҚШ-қа талап қойды

Иран "АҚШ шартымызды орындамаса, Ормуз бұғазын ашпаймыз", - деді. Тегеран билігі жоғарғы көшбасшының өміріне қауіп төнбеуі керек дейді.

Сондай-ақ Вашингтоннан өтемақы талап етіп отыр. Бұдан бөлек, Құрама Штаттар аймақтан әскерін шығаруы керек. Одақтастарымызға да шабуылды тоқтату қажет. Санкциялар құрсауынан босатып, бұғатталған активтер қайтарылған соң ғана, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіреміз - дейді. Екі жақ тікелей кЕліссөз жүргізіп жатқан жоқ. Иран талаптары тізілген құжатты арағайын елдер арқылы жіберді. Алайда Президент Трамп әкімшілігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.