Колумбияда зілзала құрбандарының саны 132-ге жетті
Колумбияда жер сілкінісі салдарынан опат болғандар саны 132-ге жетті. Тағы 570-сі жараланған. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді. Дүмпудің магнитудасы 7,4 балға жеткен.
"Associated Press" агенттігінің хабарлауынша, 1900 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Елде төтенше жағдай жарияланды. Зілзала 400 шақырымдағы ел астанасы Боготада да сезілген. Онда ағаштар мен бағдаршамдар шайқалып, ғимараттардағы тұрғындар шұғыл сыртқа шығарылған. Ең қатты қирағаны – Кали қаласы. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Аймақтық бірнеше әуежай жабылды. Дүмпудің жойқын болғаны сонша, көршілес Венесуэла мен Эквадор аумағында да сезілген.