18 жасында профессор болып, әлемдік рекорд орнатты

фото: UPI

Гиннесстің рекордтар кітабы АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны Натан Томастың 300 жылдық рекордты жаңартып, тарихтағы ең жас профессор атанғанын ресми түрде мойындады, деп хабарлайды «24KZ» UPI сайтына сілтеме жасап.

Қазір 21 жастағы жас ғалым 18 жас 346 күнінде Майами-Дейд колледжінде профессор лауазымына ие болып, ерлер арасында рекорд орнатты. Ол сол уақытта оқытушылық қызметін бастаған.
Шілде айының соңында рекордтар кітабының мамандары Томастың XVIII ғасырда өмір сүрген, 19 жасында профессор атанған танымал британдық математик Колин Маклореннің рекордын жаңартқанын анықтады.

Томас 2008 жылы 18 жас 362 күнінде оқытушылық лауазымға ие болған отандасы, Нью-Йорк тумасы Алия Сабурдан да озып кетті. Алия 18 жыл бойы тарихтағы ең жас профессор саналып келген болатын.

Вундеркинд 10 жасында мектеп пен Майами-Дейд колледжінде қатар оқыды. 14 жасында мектепті бітіріп, Флорида халықаралық университетіне ауысты. 18 жасында электронды инженерия саласында магистр дәрежесін алды. Қазіргі уақытта Томас қосымша заңгерлік білім алып жатыр. Ол патенттік құқық саласында заңгер болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз