Филиппинде дауылдан қаза тапқандар саны артты

Филиппинде дауыл салдарынан опат болғандар саны 19 адамға жетті.

Тағы 15-і жарақат алды. Бірнеше тұрғын іздестіріліп жатыр. Әсіресе Бенгет провинциясында жағдай қиын. Өңірде 12 адам көз жұмған. Табиғат апатынан елдің 10 өңіріндегі екі миллионнан астам тұрғын зардап шекті. Қазір мыңға жуық эвакуациялық орталық жұмыс істеп тұр. Онда 95 мыңнан астам адам жатыр.